Қазақстандағы оқушылардың күзгі каникулы: күнтізбе

Фото:depositphotos.com

Tengrinews.kz мектеп оқушылары мен ата-аналарға күзгі каникул күнтізбесін дайындады.

Tengrinews.kz мектеп оқушылары мен ата-аналарға күзгі каникул күнтізбесін дайындады.

Бірінші тоқсан сегіз оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс жеті күн - 2024 жылдың 28 қазанынан 3 қарашаға дейін. Іс жүзінде балалар 25 қазаннан бастап демалады, өйткені 25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі, ал 26-27 сенбі-жексенбіге түседі. Жалпы, мектеп оқушыларының демалысы 10 күнге созылады.

Реклама
Реклама

Екінші тоқсан сегіз оқу аптасына созылады. 2024 жылдың 30 желтоқсанынан бастап 2025 жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда, қысқы каникул 10 күн болады.

Бірінші сыныптарда 2025 жылғы 3-9 ақпанда (қоса алғанда) жеті күнге созылатын қосымша демалыс болады.

Үшінші тоқсан, ең ұзақ тоқсан - 10 оқу аптасы, көктемгі каникул 11 күнге, 2025 жылдың 21-31 наурызына дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Төртінші тоқсан – сегіз оқу аптасы.

Жоспар бойынша 9-10 сынып оқушыларына арналған қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 9 маусым аралығында, 11-12 сынып оқушыларына арналған емтихандар 30 мамыр мен 12 маусым аралығында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная