10 қыркүйек 2021 11:10

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.

2021 жылдың қаңтар-тамызда республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 547 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 триллион 236, 7 миллиард теңге бөлінген.

"2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 235 мың адамға жетті. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша 99 857 теңге болды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, жеке тағайындалады.

Бұл ретте зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) төленген кезеңдер қосылады.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram