15 қараша 2022 | 10:33

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, биылғы 10 айда қазақстандықтарға 2,4 триллион теңгеден аса зейнетақы төленген.

2022 жылдың қазанында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 245,1 миллиард теңге бөлініп, оның 74,6 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 170,5 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленген.

Реклама
Реклама

"2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны 2 миллион 268 мың. Дәл осы кезеңдегі зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 108 993 теңге", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная