Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биылғы 11 айда қазақстандықтарға 2,7 триллион теңгеден аса сомаға зейнетақы төленген. 2022 жылғы қарашада республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 245,9 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 74,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 171 миллиард теңге бөлінген.

"2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 276 мың адам. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 108 960 теңге болды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қарашада зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда 108 993 теңге болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама