ПОДЕЛИТЬСЯ
19 шілде 2023 | 11:03
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 649 миллиард теңге сомасында зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге - 506,3 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге - 1 триллион 142,7 миллиард теңге бөлінген.
"2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 641 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 82 805 теңге, базалық зейнетақы - 37 836 теңге", - делінген хабарламада.
1 шілдедегі жағдай бойынша, зейнеткерлердің саны 2 миллион 300 мың.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также