Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 328 мың адам.

"Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 33,7 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 930,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 103,1 миллиард теңге қарастырылды.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 838 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 950 теңге, базалық зейнетақы – 37 888 теңге", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама