ПОДЕЛИТЬСЯ
18 шілде 2024 | 10:00
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 861,7 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 585,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 275,8 миллиард теңге қарастырылған.
"2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 110 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 479 теңге, базалық зейнетақы – 42 631 теңге", - делінген хабарламада.
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 391 мың адам.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также