Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Фото:depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 730 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 122 теңге, базалық зейнетақы – 42 608 теңге", - делінген хабарламада.

Жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 3 триллион 118,2 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 982,2 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 136 миллиард теңге қарастырылған.

Реклама
Реклама

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 421 мың адам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама