Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 804,4 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 907,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 897 миллиард теңге қарастырылған.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 503 мың адам.

Реклама
Реклама

"2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 894 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 326 теңге, базалық зейнетақы – 47 568 теңге", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5 пайызға, ынтымақты зейнетақы 8,5 пайызға, яғни инфляция деңгейінен 2 пайызға оза отырып ұлғайтылған.

Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ең жоғары – 120 пайызға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама