Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,1 триллион теңгеден аса зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 триллион 22,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 2 триллион 136 миллиард теңге қарастырылған.

1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 миллион 510 мың адам.

Реклама
Реклама

"1 қазандағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 142 810 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 95 249 теңге, базалық зейнетақы мөлшері - 47 561 теңге", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама