Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2025 жылы республикалық бюджеттен 4 триллион 225 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 368,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 856,6 миллиард теңге қарастырылған.
2025 жылдың қорытындысы бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 491 мың адам.
"2025 жылдың қорытындысы бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 143 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 549 теңге, базалық зейнетақы – 47 594 теңге", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!