ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қыркүйек 2023 | 10:15
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 200,8 миллирад теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 675,2 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 525,6 миллиард теңге қарастырылған.
2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 305 мың адам.
"2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 937 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 072 теңге, базалық зейнетақы – 37 865 теңге", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также