Қазақстандағы референдум: Желіде дауыс беруге арналған қаламдар туралы фейк тарады

Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon
714
comments icon
0

Қазнетте 5 маусымда республикалық референдумда түсірілген деген ролик жарияланды. Кадрларда ер адам бюллетеньге белгі қойып, оны отпен күйдірген кезде жазу жоғалып кететіні көрсетілген. Автордың ойынша, дауыс беру кабиналарына осындай "өшіп қалатын" сиясы бар қаламдар әдейі қойылған, - деп хабарлайды stopfake.kz.

Портал бұл фейк ақпарат екенін жазған. Шын мәнінде, видео ескі.

"Ол Желіде алғаш рет 2019 жылы жарияланған. Бір кездері Ресейде, Украинада, Қырғызстанда және Қазақстанда тараған. Роликтің қазір өтіп жатқан референдумға ешқандай қатысы жоқ", - деп жазды басылым тілшілері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Дина Шарипханова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная