Қазақстандағы референдум: түзетулерді қабылдау үшін қанша дауыс қажет?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов шешім қабылдануы үшін референдумда қанша қазақстандық дауыс беру керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов шешім қабылдануы үшін референдумда қанша қазақстандық дауыс беру керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Референдумға қатысқандардың 50 пайыздан астамы жақтап дауыс берсе, түзетулер қабылданады", - деді Өтемісов Сенат кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Оның айтуы бойынша, қатысуға ниет білдірушілер сайлау учаскесіне келіп, бюллетень алып, өз құқығын білдіруі керек.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ОСК мүшесі референдумға отандық және халықаралық бақылаушылар қатысатынын айтты.

"Басқа елдер өкілдері де қатысуға ниет білдіріп жатыр. Яғни, референдумға ішкі және халықаралық бақылаушылар қатысады. Әрбір халықаралық бақылаушы өзі қарайтын учаскені таңдай алады", - деп түйіндеді Өтемісов.

Еске салайық, 29 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама