03 мамыр 2024 | 11:28

Қазақстандағы су тасқыны: Атырау мен ШҚО-дағы жағдай қандай?

Фото:gov.kz

Шығыс Қазақстан облысында жаңбырдың көп жаууына байланысты елді мекендерге су тасқыны қаупі төнді. Бұл туралы ТЖМ өкілі Асқар Шәріп айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында жаңбырдың көп жаууына байланысты елді мекендерге су тасқыны қаупі төнді. Бұл туралы ТЖМ өкілі Асқар Шәріп айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Бұқтырма өзенінде судың деңгейі көтерілді. Салдарынан Алтай, Глубокое аудандарындағы 24 ауланы су басты.
Бөгеттерді бекіту және су басқан аймақтарда су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Асқар Шәріп ОКҚ-да өткен брифингте.

Оның айтуынша, қазір Атырау облысында Жайық өзеніндегі судың деңгейіне мониторинг жалғасып жатыр. Бөгеттерді нығайту жұмысы жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ ТЖМ өкілі еліміздегі су тасқынына қатысты ағымдағы жағдайға тоқталды.

"Еліміз бойынша 48 611 адам үйіне оралды. 5 961 адам эвакациялау пунктерінде. 8 189 тұрғын үй мен 2 977 аулаудан су сорып шығарылды. Тасқынға қарсы 7,7 млн қап және 2,5 млн тонна инертті материал төселді. Су тасқынына қарсы жұмысқа 14 мыңнан аса адам, 1523 техника, 244 су сору құралы, 74 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная