27 мамыр 2024 | 10:45

Қазақстандағы су тасқыны: өңірлердегі жағдай қандай?

Фото:gov.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы және құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында қалған су басқан аула аумақтарынан су сору жұмыстары жалғастырылып жатыр. 104 870 текше метр су сорылды.

Реклама
Реклама

Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында, Индер ауданының Индербор кентінде, Махамбет ауданының Жалғансай ауылында су басқан аумақтардан 137 823 текше метр су сорылды. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Жайық өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атырау қаласында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылып жатқаны айтылды.

"Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында 3 300 қапшық төселді. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылып жатыр.

Ақмола облысы Целиноград ауданының Қоянды ауылында ұзақ уақыт жауған жаңбырдың салдарынан екі жеке тұрғын үй мен 20 аула аумағын су басты. Өткен тәулікте 5 620 текше метр су сорылды. Үйлерден судың бағыты бұрылды, су сорылды, аула аумақтарында жұмысар жалғастырылуда", - делінген хабарламада.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында қуатты жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен саяжай үйлерінен еріген қар суын сору жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте 175 320 текше метр су сорылды.

"Республика бойынша эвакуацияланған 61 966 адам өз үйлеріне оралды. 5 316 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 25,5 млн артық еріген қар суы су сорылды, 8 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 4 237 адам, 659 техника, 249 су сору құралы және 56 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды".

Жалпы ТЖМ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері Солтүстік Қазақстан облысының 16 елді мекенінде 854 жеке тұрғын үй мен аула аумағына, Атырау облысының Құлсары қаласында 300 мыңға жуық шаршы метр аумаққа дезинфекция жүргізгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная