Қазақстандағы су тасқыны: зардап шеккендерге қанша үй салынады?

Фото:gov.kz

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 1 828 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 1 828 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде Қанат Шарлапаев Қазақстанда су тасқыны салдарынан 18 005 жылжымайтын мүлік бүлінген деп танылғанын айтты. Олардың 17 295-і бойынша зертеу нәтижесі бар. 2 245 нысан салу, жылжымайтын мүлік нарығында 5 235 үй мен пәтер сатып алу, 9 819 тұрғын үйді жөндеу жоспарланған.

"Бүгінде республика бойынша 1 828 тұрғын үй құрылысы басталды, бұл 81 пайыз болады. Бұл ретте Батыс Қазақстан облысы мен Ақмола облысында қарқын мен жұмылдыру төмен болып отыр. Ақтөбе облысы мен Батыс Қазақстан облысында 2 122 үй әлі су астында. Техникалық сараптама қорытындысының жоқтығына қарамастан, меншік иелеріне тұрғын үй салу және сатып алу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Шарлапаев.

Реклама
Реклама

Министрдің айтуынша, жылжымайтын мүліктері жарамсыз деп танылған қазақстандықтар үшін 1943 жылжымайтын мүлік сатып алынған. Бүгінде 1 772 үйдің иелері төлемдерін алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама