10 қаңтар 2022 12:05

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: Головкин қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

©DAZN

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза болғандардың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза болғандардың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Головкин Twitter-де жазды. 

"Қазақстанда аза тұту күні. Елімізде болып жатқан жағдайды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Осы күндері жақындарынан айырылғандардың бәріне шын жүректен көңіл айтамын. Қазақстанымызға бейбіт өмір оралсын", - деп жазды Головкин. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram