10 қаңтар 2022 21:33

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: Тоқаев экономикалық шығынды бағалады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіпсіздік пен лаңкестік салдарынан келтірілген экономикалық шығынды бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіпсіздік пен лаңкестік салдарынан келтірілген экономикалық шығынды бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақорданың ресми сайтында Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельмен келіссөз жүргізу барысында болған оқиғаларды аса ауыр басқыншылық әрекеті және мемлекеттілігімізге жасалған қастандық деп атады.

Тоқаев лаңкестердің әрекеті салдарынан көптеген құқық қорғау қызметкері мен бейбіт тұрғынның құрбан болғанын, 1300-ге жуық кәсіпкерлік нысанға залал келгенін, 100-ден аса сауда орталығы мен банк тоналғанын, 500-ге жуық полиция көлігі өртенгенін айтты.

Реклама
Реклама

"Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, алдын ала бағалау бойынша экономикалық шығын көлемі 2-3 миллиард АҚШ доллары болады", - делінген Ақорданың ресми сайтында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram