19 қаңтар 2022 | 08:57

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге экстремистік ұйым мүшелері қатысты - мемлекеттік хатшы

Дина Шарипханова Корреспондент
© Reuters

Қазақстанның арнайы қызметтері елдегі тәртіпсіздіктерге радикал және экстремистік ұйым мүшелері қатысқанын анықтады. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы эфирінде мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның арнайы қызметтері елдегі тәртіпсіздіктерге радикал және экстремистік ұйым мүшелері қатысқанын анықтады. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы эфирінде мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қариннің айтуынша, 20 желтоқсанда бір мезгілде Қазақстан аумағына бір топ шетел азаматтарының келуі тіркелген, олар 7-8 қаңтарда түрлі бағытта елден шықпақ болған.

"Сонымен қатар, арнайы қызметтер еліміздің ішінде әрекет еткен бірқатар радикал және экстремистік ұйым мүшелері соңғы оқиғаларға қатысу дерегін анықтады", - деді мемлекеттік хатшы.

Реклама
Реклама

"Шетелдік террористік ұйымдардағы қазақстандық радикалдардың бұл оқиғаларды пайдаланып, жаңа шабуыл жасау әрекеті болды. Бұл әрекеттерді арнайы қызмет дер кезінде басып тастады", - деп қосты Қарин.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, республикадағы тәртіпсіздікті сот экстремистік деп таныған ұйымдардың бірі арандатқан.

"Сот таныған экстремистік ұйымдардың бірі осы шерулерді, тәртіпсіздіктерді, ашық түрде зорлық-зомбылық әрекеттерін, әкімшілік ғимараттарды басып алуды тудырды", - деді Қарин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная