Қазақстандағы Топ-5 ең жоғары зейнетақы төлемі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері 35,7 мың теңге. Бірақ 900 мыңнан аса төлем алатындар да бар. БЖЗҚ ең жоғары Топ-5 зейнетақы төлемін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері 35,7 мың теңге. Бірақ 900 мыңнан аса төлем алатындар да бар. БЖЗҚ ең жоғары Топ-5 зейнетақы төлемін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БЖЗҚ мәліметінше, ай сайынғы төлемдердің орташа мөлшері 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, бар болғаны 35,7 мың теңге болады. Алайда ең жоғарғы сома шектелмеген және жекелеген азаматтарда 900 мың теңгеден асады.

Қазақстандағы Топ-5 ең жоғары зейнетақы төлемі

Реклама
Реклама

БЖЗҚ деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жасы бойынша ең жоғары зейнетақы төлемдері:

  • 993 041 теңге;
  • 818 818 теңге;
  • 635 236 теңге;
  • 565 857 теңге;
  • 560 437 теңге.

Зейнетақы мөлшері неге тәуелді?

Сарапшылардың айтуынша, мұндай жоғары соманың қалыптасуына бірнеше фактор әсер етеді: салымшының табыс деңгейі, барлық табыс түрлерінен аударымдардың толықтығы мен тұрақтылығы.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі азаматтарға өз капиталын өз бетінше басқаруға мүмкіндік береді: міндетті 10 пайыздық жарналар жеткіліксіз болған жағдайда, азаматтар оны ерікті зейнетақы жарналарымен толықтыра алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама