28 сәуір 2022 | 08:59

Қазақстанды жаяу аралауға шыққан 72 жастағы ақсақал ең қиын сынақ туралы айтты

© otyrar.kz

Бүкіл Қазақстанды жаяу аралауға бел буған 72 жастағы Ұлытау тұрғыны Сәрсенбай Қотырашов мың шақырымнан аса жол жүріп, Шымкентке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүкіл Қазақстанды жаяу аралауға бел буған 72 жастағы Ұлытау тұрғыны Сәрсенбай Қотырашов мың шақырымнан аса жол жүріп, Шымкентке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақсақалдың басты мақсаты - Қазақстан халқын өз Отанының тарихымен таныстыру. Еңбек ардагері "Ұлытауда болдың ба?" марафонына жеті жыл дайындалған. Қазақстан жолдарында оны киімдер мен қажетті заттар сақталатын арбамен көруге болады. Марафон кезінде зейнеткер гардеробын жаңартты - оның жейдесінде Ulytaumen деген жазу бар.

Марафоншы жолда Қазақстанның сұлулығын көріп, халқының қонақжайлығын сезінді. Ол марафон кезінде қиындықтар болғанын айтады. Мысалы, Қызылордаға бара жатқанда ақсақал қалың қардың астында қалып, ұйқысыз 140 шақырым жол жүруге мәжбүр болған.

Реклама
Реклама

"Жезқазған қаласында ең қиын сынақ болды. Жезқазғаннан Қызылордаға жолға шыққанда қалың қар жауып, бұрқасын болды. Сондықтан 28 сағатта ұйқысыз 140 шақырым жүруге тура келді. Содан 13 сәуірде Қызылордаға жеттім. Ол жердің жолы нашар, арбамды сындырып алдым, дөңгелегі ұшып кетті. Кейін жағдайым қиындады, ақсаңдай бастадым, сондықтан екі рет көшеде түнеуге тура келді", - деді қарт саяхатшы.

Сәрсенбай Қотырашов саяхатын 31 наурызда бастаған. Ақсақал күніне 40 шақырым жүріп өтеді. Ол жолға шықпас бұрын толық медициналық тексеруден де өткен. Қазір марафоншы Шымкенттен Таразға бет алды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная