Қазақстандық 4 жасар бала Сеулге барар жолда ұшақта көз жұмды

Қазақстандық 4 жасар бала Сеулге барар жолда ұшақта көз жұмды © kh.depo.ua

?аза?станды? Ораз?лі Утжанов ауыр дертке - Пирсон ауруына шалды??ан еді. Ата-анасы екі жыл бойы оны? еміне а?ша жина?ан болатын. Біра? Сеулге ?ону?а 20 минут ?ал?анда Ораз?лі к?з ж?мды. Б?л туралы баланы? анасы Instagram желісіндегі пара?шасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық Оразәлі Утжанов ауыр дертке - Пирсон ауруына шалдыққан еді. Ата-анасы екі жыл бойы оның еміне ақша жинаған болатын. Бірақ Сеулге қонуға 20 минут қалғанда Оразәлі көз жұмды. Бұл туралы баланың анасы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайырлы күн баршаларыңызға. Бүгін таңертең таңғы сағат 05.00-де біз санавиациямен Сеулге ұшып кеттік. Ұшақта Оразәлінің жағдайы жақсы болды, бірақ Кореяға қонуға 20 минут қалғанда баламыздың жүрегі шыдай алмай қалды. Реаниматологтар қолдан келгеннің барлығын жасады, бірақ Оразәлінің жүрегі сол күйі тоқтап қалды. Сағат 9.40-та көз жұмды. Қазіргі уақытта үйге қайтып бара жатырмыз. Кішкентай ғана періштем, мен сені қатты жақсы көремін", - деп жазған анасы Гүлнар Утжанова.

"Ертең сәбиімізбен қоштасу рәсімі өтеді. Оразәлі 20 минут уақыт шыдай алмады. Өмірі үшін сонша күресіп едің, 45 күн жансақтау бөлімінде жатқан едің. Әлі де сенбей отырмын. Бұл тек жаман түс сияқты", - дейді анасы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама