27 маусым 2022 | 12:18

Қазақстандық адвокат Кеосаянды сотқа беретінін айтты

Танымал заңгер Жангелді Сүлейманов ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаянды Қазақстанға қатысты мәлімдемесі үшін сотқа бермек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мassaget.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Танымал заңгер Жангелді Сүлейманов ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаянды Қазақстанға қатысты мәлімдемесі үшін сотқа бермек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мassaget.kz сайтына сілтеме жасап.

"Біздің Заңға сәйкес Кеосаянды сотқа бере аламын. Шағым түсіру туралы ойланамын. Сот шағымымды қабылдайды деп үміттенемін", - деді Сүлейманов Facebook-те.

Желі қолданушылары адвокатты қолдап түрлі пікір жазды.

Реклама
Реклама

"Бүкіл Қазақстан сені қолдайды", "Неге екені белгісіз, жеңетініне сенімдімін", "Сәттілік тілеймін. Тек сен оларды өз орнына қоя аласың. Тигран мен оның әйелі Маргарита кез келген ұлтты сыйлауды үйренеді деп сенемін! Ал қалғандары үшін бұл сабақ болар еді", "Осы оқиғадан кейін Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында Кеосаян туралы кез келген ақпаратты таратуға тыйым салу керек", - деп жазады Желі қолданушылары.

Еске салайық, бұған дейін ресейлік тележүргізуші Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің оның Қазақстанға кіруіне тыйым салу туралы шешімін келеке еткен болатын. Сондай-ақ, ол бұл тыйымға қарамастан  және биліктің рұқсатынсыз елімізге келетінін мәлімдеді. Сыртқы істер министрлігі оны Кеосаянның балағат сөздерінен кейін енгізгені есімізде. Ол қазақстандықтарды Украинадағы жағдайға қатысты негізсіз айыптаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная