Қазақстандық алимент төлемеудің айласын ойлап тапқан

Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарған қос азаматтығы бар ер адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарған қос азаматтығы бар ер адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі алимент төлеуден жалтарған, іздеуде жүрген 48 жастағы ер адамды анықтады.

"Іздестіру шаралары барысында ер адамның Ресей Федерациясы аумағында жүргенде тегі мен әкесінің атын өзгертіп, Ресей азаматтығы мен төлқұжатын алғаны белгілі болды. Осылайша, ол құқық қорғау және шекара қызметтерін алдап, Қазақстан Республикасының шекарасын кедергісіз кесіп өткен. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оның қос азаматтығы бар екені дәлелденді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сот шешімі бойынша, құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 540 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, 2024 жылдың 12 айында облыс полициясы қос азаматтық алудың 57 дерегін анықтаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама