ПОДЕЛИТЬСЯ
14 сәуір 2024 | 15:03
Қазақстандық әуе компанияларға кейбір елдерге ұшуды тоқтату ұсынылды
Қазақстандық әуе компанияларға кейбір елдерге ұшуды тоқтату ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық әуе компанияларға кейбір елдерге ұшуды тоқтату ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Иран, Ирак, Иордания, Ливан, Израиль, Мысыр, Сириядағы күрделі саяси жағдайына байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қазріргі жағдайға төнген қауіп дәрежесіне бағалау жүргізді, оның қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компанияларына осы елдердің әуе кеңістігін пайдалану ұсынылмады.
Қазіргі уақытта қазақстандық әуе компаниялары жоғарыда аталған елдердің әуе кеңістігін айналып өту мақсатында рейстер кестесін қайта қарап жатыр.
Әуе компаниялары ағымдағы жағдайды мұқият қадағалауда және қажет болған жағдайда кестелеріне өзгерістер енгізеді.
Эйр Астана әуекомпаниясының Астана-Дубай бағыты бойынша КС - 205 және Алматы-Дубай бағыты бойынша КС - 897 рейстері бүгін Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15-00-де ұшуға жоспарланған.
Qatar Airways әуекомпаниясының Доха-Алматы-Доха бағыты бойынша 13 және 14 сәуірінде орындалуы жоспарланған QR - 389/390 QR - 391/392 рейстері қазіргі уақытта белгісіз уақытқа дейін кешіктірілді. Қазіргі уақытта әуе компания рейстерді орындау бағытын өзгерту мәселесін қарастырып жатыр.
Жолаушыларға қолданыстағы заңнамада көзделген қызметтер көрсетіліп жатыр. Жолаушылар рейстердің мәртебесін ресми сайттарда немесе әуе компаниялардың байланыс орталықтары арқылы бақылауы қажет.
Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық авиация саласының басты басымдығы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также