Қазақстандық әйел алаяқтарға алданып қалып, туыстарынан жасыру үшін тоналғанын айтқан

Қазақстандық әйел алаяқтарға алданып қалып, туыстарынан жасыру үшін тоналғанын айтқан Кескін нейрожелінің көмегімен жасалған

Таразда қылмыс жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізген әйел сотталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасап.

Таразда қылмыс жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізген әйел сотталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасап.

Тараздың № 2 соты сотталушы өзінің алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп, түскен қаражатты "трейдинг оқытуы" үшін белгісіз тұлғалардың шоттарына аударғанын анықтады.

Кейін әйел алаяқтардың құрығына түскенін және ақшаны қайтара алмайтынын түсінген. Болған жайтты отбасынан жасыру үшін қылмысты қолдан жасауға шешім қабылдаған.

Жарнама
Жарнама

"Сотталушы келініне тиесілі алтын және гауһар зергерлік бұйымдарды жасырып, өзін скотчпен байлап, үйге белгісіз адамдар кіріп, күш қолданып, оның мүлкін иемденді деп мәлімдеді", - деп хабарлады сот.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері қылмыс туралы хабарламаның жалған екенін анықтады. Сотталушының кінәсі тараптардың, куәгерлердің айғақтарымен және тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен расталды.

Мемлекеттік айыптаушы әйелге екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындап, соттан жазаны жеңілдетуді өтінді.

Сот үкімі

Сот соттылығының жоқтығын, кінәсін мойындауын және өкініш білдіруін жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді. Нәтижесінде әйел Қылмыстық кодекстің 419-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған пробациялық бақылау белгілей отырып, екі жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін сот ас үй пешін ұрлау үшін күрделі айла құрастырған Жамбыл облысы тұрғынына қатысты үкім шығарған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама