Қазақстандық әйел баласының жарақатына байланысты ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Фото:depositphotos.com/ nenovbrothers

Павлодар облысының бір ауылында төрт айлық сәби үйінде ауыр бас жарақатын алып, бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Оның 36 жастағы анасы бірден екі кішкентай баласына ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысының бір ауылында төрт айлық сәби үйінде ауыр бас жарақатын алып, бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Оның 36 жастағы анасы бірден екі кішкентай баласына ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жантүршігерлік жағдай туралы Tengrinews.kz тілшісіне жергілікті тұрғындар айтып берді. Нәресте ақпанда шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Алайда анасы баланың жарақат алғанын жоққа шығарған. Ауруханада балаға компьютерлік томография жасалып, нәтижесінде бас сүйегінде көптеген сынықтар мен миына қан құйылу анықталды.

Бала бірнеше күн жансақтау бөлімінде, кейін травматология бөлімінде емделді. Ауруханадан шыққан соң, ол мемлекеттік мекемеге тапсырылған.

Реклама
Реклама

"Балақайдың жағдайы қазір қанағаттанарлық, ол қазіргі уақытта біздің Сәби үйінде", – деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне.

Былтыр сәби тағы да ауруханаға түскені белгілі болды. Ол кезде қолы сынғаны анықталып, бұл жағдай ананың ұқыпсыздығымен байланыстырылған.

Сәбидің ауыр бас-ми жарақатын қалай алғаны әзірге белгісіз, оны полиция анықтап жатыр.

"Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және немқұрайдылық деректері бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаменті.

Айта кетейік, баланың анасы қазіргі кезде ем қабылдап жатыр. Тоғыз жастағы үлкен баласының да тағдыры анасы ауруханадан шыққан соң белгілі болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама