ПОДЕЛИТЬСЯ
10 маусым 2024 | 12:21
Қазақстандық әйел Германияда жоғалып кетті: СІМ пікір білдірді
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Германияда Қазақстан азаматы жоғалғанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Германияда Қазақстан азаматы жоғалғанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2024 жылғы 5 маусымда Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулдығына Қазақстан азаматтарынан 2024 жылғы 3 маусымда қызының жоғалып кетуіне байланысты арыз түсті. Бас консулдық осы істі өтініш келіп түскен сәттен соң ерекше бақылауға алды. Ақпарат түскеннен бастап біздің дипломаттар жергілікті полицияға хабарласып, полиция жедел іздестіру іс-шараларын бастап кетті", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Германия заңына сәйкес қылмыстық істің мән-жайы жария етілмейді.
"Сондай-ақ, Қазақстан тарапының іске тікелей араласуға құқығы жоқ. Дипломаттар жоғалған әйелдің туыстарымен тікелей байланысты. Қазір неміс тарапына бұл істі жеке бақылауға алу және барлық қолғабысты көрсету туралы арнайы хат жолданды. Жақын арада неміс тарапымен бірлесіп, (жоғалған әйелдің) туыстарына виза алып беру үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деді ресми өкіл.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также