06 қазан 2022 | 14:47

Қазақстандық әйел қызын Қырғызстандағы бейтаныс адамдарға тапсырған

Дина Шарипханова Корреспондент
көрнекі сурет

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бес баланы елге қайтарды. Еліміздің кәмелетке толмаған азаматтары Қырғызстанда заңсыз жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бес баланы елге қайтарды. Еліміздің кәмелетке толмаған азаматтары Қырғызстанда заңсыз жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың басынан бері Қырғыз Республикасынан 3 қыз және 2 ұл елге қайтарылғаны хабарланды.

"2011 жылы туған қыз Қырғызстанның Панфилов ауданында заңсыз болған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, баланың анасы көрші мемлекетке барып, қызын тәрбиелеуге тиісті құжаттарды ресімдемей, бейтаныс адамдарға тапсырған. Бала жақын туысының өтініші бойынша Қазақстанға қайтарылды.

Сондай-ақ, 2009 және 2011 жылдары туған әпкесі мен інісі Бішкекте болған. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдары арқылы балаларды елге қайтару қажеттілігі туралы өтініш келіп түсті.

Тағы бір жағдай 2010 және 2015 жылы туған ағасы мен қарындасы Қырғыз Республикасының Ош облысының Қара-Суй ауданында болған. Балалар туыстарында заңсыз болған және олар анасының өтініші бойынша елге қайтарылды", - деді оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.

Реклама
Реклама

Кәмелетке толмаған балалардың бәрі Алматы қаласындағы Балаларды қолдау орталығына жеткізілген. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес балаларды туыстарына беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная