06 қараша 2024 | 15:03

Қазақстандық әйел TikTok-тағы тікелей эфирлері үшін жазаланды

Фото:depositphotos.com / jypix

Шымкент Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттері үшін айыпталған әйелге қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттері үшін айыпталған әйелге қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, неотенгризмді ұстанған қазақстандық әйел бір жылға жуық уақыт бойы TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирлер өткізіп, оның барысында діни алауыздық тудырған.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, оған жеңіл жаза тағайындауды өтінді. Прокурор өз кезегінде соттан бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Реклама
Реклама

Сотталушының шын жүректен өкінуі және ауырлататын мән-жайлардың болмауы түріндегі жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот әйелді екі жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная