ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2023 | 17:55
Қазақстандық әйелдер 58 жаста зейнетке шыға ала ма? Еңбек министрі жауабы
Сенаторлар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы 2029 жылдан бастап ұлғая ма және керісінше зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуге мүмкіндік бар ма деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сенаторлар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы 2029 жылдан бастап ұлғая ма және керісінше зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуге мүмкіндік бар ма деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұндай сұрақты Әлеуметтік кодекс жобасын қарау барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне сенатор Жанболат Жөргенбаев қойды.
Министрдің жауабына сүйенсек, зейнеткерлік жас қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығына тікелей байланысты.
"Алдағы бес жылда денсаулық сақтау саласында ауыл медицинасын жақсартуды көздейтін ірі ұлттық жоба жүзеге асырылады. Бұл - көп функционал ауруханалар, телемедицина, электрон скрининг бойынша мамандандырылған медициналық мекемелер құрылысы. Егер нәтижесінде (жоба – еск.) азаматтарымыздың өмір сүру ұзақтығы жақсаратыны бекітілсе, 2029 жылдан бастап бұл мәселеге қайта ораламыз", - деді Тамара Дүйсенова.
Оның айтуынша, егер бәрі бұрынғы деңгейде қалса немесе керісінше, өмір сүру ұзақтығы өзгергені белгілі болса, жас шектеуі мәселесі қайта қаралады.
Сондай-ақ, министр қазір ертерек зейнетке шыға алатын азаматтардың санаттарын да атады.
"Әйелдің бес баласы болса, ол ертерек зейнетке шыға алады. Сондай-ақ, бұл Семей ядролық сынақ полигоны аймағында тұратын азаматтар. Сонымен қатар, егер азаматтардың зейнетақы қорында қандай да бір активтері болса, олар 55 жаста зейнетақы аннуитеті арқылы зейнетке шыға алады", - деді Дүйсенова.
Министр бүгінде ведомство Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауыр жағдайда жұмыс істегендердің зейнетақысын қайта қарау мәселесін қарастырып жатқанын айтты. Ол алдағы уақытта тиісті тұжырымдаманы депутаттарға ұсынуға уәде берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также