26 қазан 2023 | 14:20

Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан алғашқы төлемдер қашан түседі?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

2024 жылы кәмелеттік жасқа толған қазақстандықтар "Ұлттық қор - балаларға" жобасы бойынша төлемдерді 1 ақпаннан кейін алатын болады. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2024 жылы кәмелеттік жасқа толған қазақстандықтар "Ұлттық қор - балаларға" жобасы бойынша төлемдерді 1 ақпаннан кейін алатын болады. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОҚК-да өткен брифингте журналистер балалар алғашқы төлемдерді қашан алатынын сұрады.

"Алғашқы есептеулер 2024 жылдың 1 ақпанында түседі. Неге? Бағдарлама 2024 жылдың 1 қаңтарында басталады, содан кейін бір балаға шаққандағы соманы анықтау үшін есептеулер жүргізуге бір ай қажет болады. Бұл қарапайым арифметика - 18 жыл ішінде инвестициялық кірістің 50 пайызы қатысушылардың санына бөлінеді - 18 жасқа дейінгі балалар. Бұл бір балаға шаққандағы соманы анықтайды және бұл есептеу келесі жылдың 1 ақпанында жүргізіледі.

1 ақпаннан кейін 18 жасқа толғандар ақшаны алу үшін платформа арқылы өтініш беруге құқылы", - деп түсіндірді Темірбеков.

Реклама
Реклама

Бұл ретте ол барлық балаға – 17 жасқа толғандарға да, бір жасқа толғандарға да бір сома түсетінін нақтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная