ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қазан 2018 | 11:56
Қазақстандық банктерге 600 миллиард теңге бөлінеді
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк өкілдеріне қазақстандық банктерге 600 миллиард теңге бөлуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк өкілдеріне қазақстандық банктерге 600 миллиард теңге бөлуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл экспорттық әлеуетімізді жүзеге асыру тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру үшін де маңызды. Үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатымен алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Басымдығы бар жобаларға қолжетімді несие беру міндетін шешу үшін Ұлттық банкке кемінде 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлуді тапсырамын", - деді Назарбаев.
Мұның алдында Президент ең төменгі жалақыны өсіруді тапсырған болатын. "Үкіметтегілерге 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап минималды жалақыны бір жарым есеге - 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. (...)", - деген еді Назарбаев. Сондай-ақ, ол жолдауында ҰҚК өкілдеріне жемқор шенеуніктерді ұстауды тапсырды.
Еске сала кетейік, кеше, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайтыны хабарланған еді. "Биыл 5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды", - делінген еді хабарламада.
Показать комментарии
Читайте также