Қазақстандық белгілі журналист Михаил Дорофеев қайтыс болды

Михаил Дорофеев / hubspeakers.ru

Informburo.kz ақпарат-сараптамалық интернет-порталының бас редакторы Михаил Дорофеев қайтыс болды. Бұл туралы журналист Бағдат Қожахметов Facebook-тегі парақшасында естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Informburo.kz ақпарат-сараптамалық интернет-порталының бас редакторы Михаил Дорофеев қайтыс болды. Бұл туралы журналист Бағдат Қожахметов Facebook-тегі парақшасында естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан журналистикасында бүгін орны толмас қаза. Михаил Дорофеев", - деп жазды Қожахметов Facebook-те.

Михаил Дорофеевтің Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарындағы тәжірибесі мол. Атырау облысының жергілікті басылымдарында, одан кейін республикалық БАҚ-та - КТК телеарнасында, "Экспресс К", "Город" және "Мегаполис" газеттерінде жұмыс істеген. Республикалық телеарналарда менеджерлік қызметтер атқарған, оның ішінде "Астана қаласының телевизиясы" ЖШС бас директоры және "Телекомпания "Эра" ЖШС бас продюсері болған.

Реклама
Реклама

Әр жылдары "Портрет недели" (КТК), "Формула личности" (Қазақстан, Астана-ТВ), "Тема" ("Астана" телеарнасы), "Открытый диалог" ("Хабар") телевизиялық бағдарламаларының жүргізушісі болған. Ол Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты (2018 жыл), Қазақстан Журналистика академиясының академигі, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.

Tengrinews.kz редакциясы Михаил Дорофеевтің туған туыстары мен достарына көңіл айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама