ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қаңтар 2021 | 14:36
Қазақстандық белгілі онколог өмірден өтті
Қазақстандық белгілі онколог, профессор Азат Шибанова өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Онкология және радиология ҚазҒЗИ өкілдері естіртті.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық белгілі онколог, профессор Азат Шибанова өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Онкология және радиология ҚазҒЗИ өкілдері естіртті.
Азат Ілиясқызы өмірінің 54 жылын Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-ға және онкологиялық қызметті дамытуға арнаған.
Азат Шибанова Қазақстанда клиникалық цитологияны жасап, дамытты. Институт зертханасы базасында "клиникалық цитология" бойынша лицензиялық курстар өткізді. Ол осы сала бойынша 150-ден астам жоғары білікті маман дайындады. 2006 жылы Америкалық Биографиялық институт оған жыл адамы атағын берген.
Азат Шибанова 1933 жылы Алматы облысы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін тәмамдаған. 1957-1960 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина институтының анатомия кафедрасы жанындағы аспирантурада оқыған. 1960 жылы ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының негізі қаланғаннан бастап жұмыс істеген.
1967 жылы "Артериялық жолдың морфогенезі мәселелері" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған, 1981 жылы РМҒА Ресей онкологиялық ғылыми орталығында "Өңештің қатерлі ісігі мен оны емдеудің тиімділігін диагностикалау мен бағалаудағы цитологиялық әдіс" тақырыбында медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған.
1972-2005 жылдары Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас цитологы болды.
Ол 200-ден аса жарияланым авторы, оның ішінде "Өңеш, асқазан, ішек ауруларының атлас цитологиялық диагностикасы" нұсқаулығы, 32 әдістемелік ұсыныстар, 7 авторлық өнертабысы бар.
Мемлекеттік "Құрмет Белгісі" орденінің иегері. Медицинадағы жетістіктері үшін Кембридж университетінің (Ұлыбритания) күміс медалімен, I дәрежелі Әл-Фараби атындағы медалімен, "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен, "ҚР Денсаулық сақтау үздігі" төсбелгісімен марапатталған. 2019 жылы "Құрмет" орденімен де марапатталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также