05 қараша 2021 13:12

Қазақстандық биші брейк-данстан әлем чемпионатының финалына шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстандық биші Әмір Зәкіров Польшада өткен чемпионаттың финалына шығып, әлемнің үздік 16 брейк-дансерінің қатарына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық биші Әмір Зәкіров Польшада өткен чемпионаттың финалына шығып, әлемнің үздік 16 брейк-дансерінің қатарына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлем чемпионаты әлемнің түкпір-түкпірінен үздік бишілердің басын қосты. Әмір Зәкіровтың финалдық қойылымы 6 қарашада өтеді. Көптеген сарапшылар қазақстандық жеңіске жетеді деп болжап отыр.

Қыздар арасында Қазақстанды Сайора қорғады, бірақ ол іріктеу кезеңінен өте алмады.

Реклама
Реклама

Red Bull BC One - әлемдегі ең ірі жарыс. Оған жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңнан астам биші қатысады. Қазақстан мен ТМД елдерінен бірінші болып атақты Николай Черников пен Килла Коля осы жарыстардың финалисі атанды.

Әмір Зәкіровке келетін болсақ, 2021 жылдың қыркүйегінде ол Бельгияда өткен JBL Unbreakable ірі халықаралық брейк-данс турнирінің жеңімпазы атанғанын айта кеткен жөн. Финалда ол бельгиялық Майти Джимммен бақ сынасты.

Сондай-ақ, Әмір ТНТ арнасындағы "Танцы" шоуының 3-маусымының қатысушысы, Қазақстан чемпионы және брейктен республика құрамасының мүшесі. Ол көптеген Ресей және Еуропа чемпионаттарының жеңімпазы және жүлдегері.

Айта кетейік, брейк-данс 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram