ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қыркүйек 2020 | 15:17
Қазақстандық блогер итбалықтарды қорғау мақсатында ерекше акция ұйымдастырды
Қазақстандық блогер Юрий Толочко жануарларды қорғауға арналған ерекше акция ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық блогер Юрий Толочко жануарларды қорғауға арналған ерекше акция ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Блогер итбалықтың костюмін киіп, "бұл итбалықтар үшін" деп Нұр-Сұлтан тұрғындарын таяққа ұқсас ойыншықпен ұрған.
"Бүгін мен жануарларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы "Жаса" акциясына шығамын. Осыдан гуманизм басталады. Бұл менің пікірім. Каспийде итбалықтарды таяқпен ұрған варварлық жағдай естеріңізде ғой. Мен де таяқпен ұрамын, бірақ тек адамдарды ұрамын", - деді Юрий Толочко.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от OddJack / Юрий Толочко (@yurii_tolochko) 7 Сен 2020 в 1:35 PDT
"Барлығы не туралы айтып жатқанымды түсінді Жастар өте дұрыс жауап берді. Ересек әйелдер де өте жақсы жауап берді. Бірақ ересек ер адамдар аздап алаңдаушылық білдіріп, қиналып қалды. Көбі акция үшін алғыс айтты", - деп бөлісті блогер.
Еске салайық, бұл оқиға 6 шілдеде Құрық ауылындағы жағажайда болған еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также