Қазақстандық блогер қалай суперәке болу керегін айтады

I-BALAQAI жобасында блогер Серікжан Тілеулесов әке болудың оның өміріндегі және қазақстандық қоғамдағы ролі, оны болашақта үлкен жетістіктерге жетуге итермелеген бала күніндегі қиыншылықтар мен бала тәрбиесі туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

I-BALAQAI жобасында блогер Серікжан Тілеулесов әке болудың оның өміріндегі және қазақстандық қоғамдағы ролі, оны болашақта үлкен жетістіктерге жетуге итермелеген бала күніндегі қиыншылықтар мен бала тәрбиесі туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

I-BALAQAI жобасын ұйымдастырушылар - Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңестер мен ұсыныстарын айтады. 

Жаңа шығарылымды бүгін, 8 қазан сағат 20:00-де I-BALAQAI YouTube-каналынан көріңіздер. Жоба қонағы "Қалай суперәке болу керек?" тақырыбында ойын айтады. Сондай-ақ ол отбасындағы өзара сыйластық туралы ойын айтады. 

Реклама
Реклама

Серікжан Тілеулесов - отбасылық блогер. I-BALAQAI жобасының қонағы өзінің Instagram парақшасында қызық әрі ерекше роликтерін бөлісіп, ерлі-зайыпты арасындағы мәселелерді көтереді. Ол әйелімен бірге үш бала тәрбиелеп отыр. 

Жүргізуші - журналист, тележүргізуші Махаббат Есен.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбаттың үзінділерін біздің сайтымыздан және Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан таба алады. i-balaqai жобасы аясында бірқатар подкаст, пайдалы мақала, видеолар шығады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама