Қазақстандық бөтеннің ЭЦҚ-сын пайдаланып, мемлекеттен 200 миллион теңге жымқырған

Қазақстандық бөтеннің ЭЦҚ-сын пайдаланып, мемлекеттен 200 миллион теңге жымқырған Фото:depositphotos.com

Түркістан облысының прокуратурасы субсидияны жымқыру схемасын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының прокуратурасы субсидияны жымқыру схемасын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының прокуратурасы мал шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде бөлінген 200 миллион теңгеден аса қаржыны жымқыру схемасын анықтады.

"Атап айтқанда, Сауран ауданының тұрғыны О. деген азамат 20 тұлғаның электрон цифрлық қолтаңбасын пайдаланып жалған мәліметтерді көрсетіп, үш жыл ішінде иеліктерінде шын мәнінде жоқ ірі қара малдарға мемлекеттен субсидия (203 миллион теңге) алған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Аталған азаматтың заңсыз іс-әрекетінің нәтижесінде мемлекетке елеулі залал келтірілген.

"Облыс прокуратурасы қаражатты жымқыру дерегі бойынша құжаттарды СДТБТ-не тіркеп (Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4–тармағы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") сотқа дейінгі тергеп-тексеру арнайы прокурорларға (облыс прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасы) жүктелген".

Күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама