12 қараша 2018 | 18:57

Қазақстандық бітімгер Батыс Сахарада күрделі тапсырма орындады

Қазақстандық бітімгер Африканың Батыс Сахарасында өзіне жүктелген күрделі тапсырмаларды орындады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық бітімгер Африканың Батыс Сахарасында өзіне жүктелген күрделі тапсырмаларды орындады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі, подполковник Ерлан Жортанов әскери бақылаушы ретінде қауіпсіздік және бейбітшілік бойынша ҚР халықаралық міндеттемелер аясында өзінің борышын орындай отырып, Батыс Сахарада Референдум өткізу бойынша БҰҰ бітімгерлік миссиясыннан оралды.

Реклама
Реклама

Қазақстандық әскери қызметші подполковник Ерлан Жортанов бір жыл бойы Африка елінде болды. Осы уақытта ол бір әскери бақылаушылар базасында қызмет атқарып сол базаның командирі болып тағайындалды.

"Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясына қатыса отырып, пайдалы тәжірибе жинақтадым және алған біліммен бөлісуге дайынмын. Батыс Сахарадағы миссияға қатысқан бұрынғы офицерлер өздерін кәсіби және тәжірибелі мамандар ретінде көрсете білді. Миссияда әскери бақылаушылар белгілі бір тапсырмаларды орындайды: тыныштықтың сақталуын қадағалайды, бөлінген жаупкершілік аумағын бақылайды. Сондай-ақ шөлді жерлерде басқаруды, өзара іс-қимылды және жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері. Бір мезгілде бір әртүрлі мемлекеттің әскери қызметшілері бір базада болады", - дейді Ерлан Жортанов.

Ерлан Жортановтын пайымдауынша қандай мемлекеттен болмасын миссия қатысушылары бір-біріне қолдау көрсетуге және бір ұжым ретінде тапсырмаларды орындауға тырысады. Бұдан басқа, бітімгершілік миссияларына қатысу тәжірибесі бар офицерлер әріптестерімен оларды бөлісуге әзір.

Кәзіргі уақытта Батыс Сахарада және Ливанда Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясына әскери бақылаушы және әскери контингент ретінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатысуда деп атап өтуге болады.
БҰҰ жетекшісімен біздің әскери қызметшілердің кәсібилігіне жоғары баға берілді.

Бітімгершілікке жеке үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлық әскери қызметшілері БҰҰ миссиясы басшылығының медалдарымен, алғыс хаттарымен және граматаларымен марапатталды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная