Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме? Вице-министр жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме? Вице-министр жауабы Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Камалетдинов Украинаға Қазақстаннан бітімгерлер жіберіле ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер Қазақстан Ресей Федерациясына Украинамен шекаралас аймаққа бітімгерлер жіберуді жоспарлап отыр ма деген сұрақ қойды.

"Мұндай тәуекелдер жоқ. Себебі бұл мемлекеттің ерікті қатысуына байланысты. Бұл біріншіден. Екіншіден, әскери контингенттің мемлекеттен тыс кез келген бағытын Парламент мақұлдайды. Егер Парламент мақұлдаса, онда әрине... Парламентке жауап бере алмаймыз, біз Қорғаныс министрлігіне жауап береміз", - деп түсіндірді Камалетдинов.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама