Қазақстандық дипломаттың әкесінен коронавирус белгілері анықталды

Қазақстанды дипломаттың әкесі коронавирус жұқтырған. Бұл туралы сыртқы істер министрлігің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанды дипломаттың әкесі коронавирус жұқтырған. Бұл туралы сыртқы істер министрлігің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанның Германиядағы елшілігінде дипломатымыздың ата-анасы қонаққа келгенін растаймыз. Олар Еуропада болған. Бірнеше күннен кейін дипломаттан коронавирустың белгілері байқалған. Сосын ол ауруханаға жатқызылды", - деді Смадияров.

СІМ өкілі қазір оның Германияда екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Бүгінде оның жағдайы жақсарды, жеке палатадан жалпы палатаға ауыстырылды. Әйелі мен баласы карантинге жатқызылды, неміс дәрігерлері бақылап жатыр", - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Коронавирус жұқтырған қазақстандық елге Германиядан 9 наурызда келген. Онымен бірге ұшып келген 73 жолаушы карантинге жатқызылады. Коронавирус жұқтырған 1974 жылғы ер адам және 1984 жылғы әйел адам екені белгілі болды. Науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Оларда аурудың клиникалық белгілері әзірге жоқ. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама