24 ақпан 2021 15:38

Қазақстандық домбырашылар Ұлыбританиядағы Golden Time Talent шоуына шақырылды

Қазақстандық домбырашылар дуэті Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Ұлыбританиядағы Golden Time Talent шоуына шақырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық домбырашылар дуэті Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Ұлыбританиядағы Golden Time Talent шоуына шақырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шоу ұйымдастырушылары музыканттар Америкада өткен халықаралық байқауда алтын медаль жеңгеннен кейін олардың бойынан талант көрген. Жігіттер өз өнерін видеоға түсіріп, іріктеудің бірінші кезеңінен сәтті өтті. Енді 23-27 мамыр аралығында Лос-Анджелесте өтетін байқаудың өзіне барады. 

Байқау финалында домбырашылар Құрманғазы мен Нұрғиса Тілендиевтің танымал шығармаларынан, сондай-ақ заманауи композиторлар мен өз күйлерінен попурри ойнауды жоспарлап отыр. "Америка үшін домбыраның дыбысы - экзотика. Онда ұлттық аспабымыз ойналғанда барлығы керемет күйде болады", - дейді дуэт қатысушысы Темірлан Олжабай.

Реклама
Реклама

Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Қазақ ұлттық өнер университетінде оқып жүргенде танысқан. Ұжым 2017 жылы құрылған. Айта кетейік, сол кезде олар Димаш Құдайбергенмен бірге I'm a Singer байқауына Қытайға барған еді. Бүгінде музыканттар Түркия, Израиль мен Еуропа қалаларында өнер көрсетіп үлгерген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram