22 қараша 2020 | 12:01

Қазақстандық ғалым коронавирусқа қарсы екінші рет вакцина салды

Фото Қайсар Табыновтың Facebook-тегі жеке парақшасынан алынды

Қазақстандық ғалым Қайсар Табынов вакцинаның тағы бір үлгісін, бұл жолы мұрын жолдарына салды. Бұл туралы ол Facebook-те жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық ғалым Қайсар Табынов вакцинаның тағы бір үлгісін, бұл жолы мұрын жолдарына салды. Бұл туралы ол Facebook-те жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін зертханалық жануарларды тағы бір иммундау үшін COVID-19-ға қарсы (нанобөлшектерге негізделген интраназальды) NARUVAX-C19/Nano вакцинасының үлгілерін дайындадық. Күтпеген жерден вакцинаның қалдықтарын өзіме егуді шештім, босқа қала ма енді (20 мкг Spike/RBD ақуызы). IgA (секреторлық) класының антиденелерін қалыптастыра ала ма екен, қызық, олардың көпшілікке белгілі IgG-ден айырмашылығы, IgM антиденелері тыныс алу органдарының шырышты қабығындағы COVID-19 вирусын бейтараптандыруға және сол арқылы инфекцияны ары жібермеуге қабілетті", - деп жазды Табынов.

Реклама
Реклама

Ол қазір клиникалық зерттеулердің соңғы сатысында тұрған COVID-19-дың инъекциялық (бұлшықетке енгізілетін) вакциналарынан мұндай әсер көп дәрежеде жоқ екенін атап өтті. Дегенмен, инъекциялық препараттардың айқын артықшылықтары бар.

"Инъекциялық және интраназальды вакциналары үйлессе, осы препараттарға қарағанда анағұрлым толық иммундық реакцияға ықпал етуі мүмкін. Тәжірибе нені көрсететінін күтейік", - деді ғалым.

Еске салайық, коронавирусқа қарсы екпе алған алғашқы қазақстандық - Қайсар Табынов болған. Оған COVAX-19 атты препарат енгізілді. Вакцина Аустралияда жасалған және ол қазіргі уақытта клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен өтіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная