Қазақстандық жоғары оқу орындарының бірінің ректоры қамауға алынды

Фото: auezov.edu.kz

Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетов екі айға қамауға алынды. Ақпаратты Шымкент сотының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетов екі айға қамауға алынды. Ақпаратты Шымкент сотының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми деректерге сүйенсек, Шымкенттің мамандандырылған тергеу соты күдікті Қайрат Нұрманбетовке қатысты кепіл мөлшерін айқындамай, екі ай мерзімге, яғни 2024 жылғы 18 қыркүйектен 2024 жылғы 18 қарашаға дейін "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Осыған ұқсас бұлтартпау шарасы тағы екі күдікті Т. Б. мен Б. У-ға қатысты таңдалған.

Бұған дейін БАҚ-та күдіктілердің бірі ЖШС директоры екені туралы ақпарат пайда болды, ол пара берді деген күдікке ілінген.

Реклама
Реклама

"Қаулы заңды күшіне енді. Соталды тергеп-тексерудің қалған деректері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы талаптарына сәйкес жария етілмейді", - деп хабарлады Шымкент сотында.

Сондай-ақ, Шымкент сотының баспасөз қызметі күдікті А.С-ға қатысты мамандандырылған тергеу соты 2024 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 25 қарашаға дейін үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция бергенін хабарлады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры мен қалған ұсталғандар нақты қандай күдікке ілінгені нақтыланбаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная