22 ақпан 2023 | 15:47

Қазақстандық жүк көліктері Польша мен Беларусь шекарасында тұрып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
фото:elements.envato.com

Қазақстандық жүк тасымалдаушылар екінші күннен бері Беларусь пен Польша шекарасында тұр. Польша еуропалық көліктерден басқа барлық жүк көліктері үшін жалғыз өткізу пунктін жапқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық жүк тасымалдаушылар екінші күннен бері Беларусь пен Польша шекарасында тұр. Польша еуропалық көліктерден басқа барлық жүк көліктері үшін жалғыз өткізу пунктін жапқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық жүк тасымалдаушылар қазіргі жағдайды айтты.

"Польшаға шекара жабылды. Біздің көлікті кіргізбеді, кері қайтарды. Мен шекарада екінші күн бойы қозғалыссыз жүк көліктерінің қатарында тұрмын. Бірақ бұл жерде тек Еуроодақ көліктерін өткізіп жатқан сияқты. Біз тұрмыз, пәрменді күтіп, не болады белгісіз. Әзірге нақты қайтаратыны белгісіз, бірақ мен басшыларымнан пәрмен күтемін", - дейді қазақстандық жүргізуші Александр Тихонов.

Реклама
Реклама

20 ақпанда Польша үкіметі Кукурыки (PL) - Козловичи (BY) шекаралық өткелінде жүк тасымалына шектеу қою туралы шешім қабылдағаны анықталды.

"Шектеулер Тереспольдегі шекара өткеліндегі жолаушылар тасымалына қолданылмайды. Жүк көліктерін ресімдеу бойынша шектеулер Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерде, Еуропалық еркін сауда қауымдастығында (ЕАТ) - Еуропалық экономикалық аймақ туралы келісім тараптарында және Швейцария Конфедерациясында тіркелген көлік құралдарына қолданылмайды", - делінген хабарламада.

Жоғарыда көрсетілгеннен басқа аймақтарда тіркелген көліктер Кукурыкиде шекарадан өте алмайтыны атап өтілді. Қозғалысты тоқтата тұру 21 ақпаннан бастап сағат 19.00-ден кейін арнайы бұйрық берілгенге дейін қолданылады.

Айта кетейік, Польша-Беларусь шекарасында алты бақылау-өткізу бекеті бар. Оның төртеуі Варшаваның бастамасымен жұмыс істемейді. Енді бесінші тармақ те шектеулерге ұшырады. Нәтижесінде тек бір ғана Тересполь-Брест нүктесі ашық, бірақ ол тек автомобильдер мен жолаушылар көлігі үшін пайдаланылады.

Қазақстандық көлік-логистикалық компаниялар Қазақстан Үкіметінен бұл мәселені шешуге көмектесуді сұрады, себебі бұл шектеу Еуропадан/Еуропаға жүк жеткізуді қиындатады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная