ПОДЕЛИТЬСЯ
19 сәуір 2021 | 15:23
Қазақстандық жүргізушілер жиі бұзатын жол ережесі аталды
Қазақстандық көлік жүргізушілерінің тасжолда жылдамдықты асырған 437 мың жағдайы тіркелді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметіне сүйенсек, жыл сайын полицейлер 5 миллион 652 мыңға жуық жол ережесін бұзған жағдайды тіркейді.
"Биыл 1 300 000 аса жол қоғалысы ережесін бұзған жағдай анықталды. Оның ішінде 437 мыңы жылдамдықты арттыру, 289 мыңы белгілер мен таңбалар талаптарын бұзу, 68,6 мыңы жарық аспаптарын пайдалану ережесін бұзу, 5 мыңы жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу, 19,5 мыңы аялдама және көлікті тұраққа қою ережелерін бұзу дерегі бойынша", - деді Серік Түсіпов ІІМ-де өткен брифингте.
Сонымен қатар, 5 мыңнан аса жүргізуші мас күйінде ұсталған. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін басқару құқығынан 6 мың жүргізуші айырылды, 5 мыңнан аса адам әкімшілік қамауға алынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также