ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 сәуір 2025 15:43
Қазақстандық журналист Лев Тараков өмірден өтті
Қоғамдық-саяси "Время" газетінің бас редакторы, қазақстандық журналист Лев Тараков өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты "Время" газеті растады. Қазақстандық журналист, қоғам қайраткері 58 жасында қайтыс болды.
Лев Тараков Киевтегі жоғары әскери-теңіз саяси училищесін бітірген. Еңбек жолын Солтүстік флотта офицер болып бастаған. Әр жылдары баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары министрлігінде, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ "Известия-Казахстан" газетінің бас редакторы болған.
Лев Тараков "Литер-Медиа" холдингінде жұмыс істеген. 2023 жылғы мамырдан бастап "Время" газетінің бас редакторы қызметін атқарып келген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу