ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қазан 2022 | 12:36
Қазақстандық журналист Татьяна Костина қайтыс болды
Астанада 67 жасында қазақстандық журналист, "Казахстанская правда" газетінің бұрынғы бас редакторы Татьяна Костина қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада 67 жасында қазақстандық журналист, "Казахстанская правда" газетінің бұрынғы бас редакторы Татьяна Костина қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналистің қайтыс болғаны туралы ақпаратты Костинаның күйеуі, сондай-ақ "Казахстанская правда" газетінің бас редакторы Асыл Сағымбеков растады.
"Ол қатерлі ісік ауруына шалдыққан болатын. Қоштасар күні мен орны әлі нақты емес. Оның жұмысындағылар бұл мәселені қолға алды. Қоштасу Астанада болатыны белгілі", - деді күйеуі Владимир Романовский.
"Казахстанская правда" газетінің бас редакторы Асыл Сағымбеков Татьяна Костинаның газетте он жылдан аса жұмыс істегенін айтты.
"Ол бас редактор болды. 2017 жылдың тамызында зейнеткерлікке шықты. Мен оның орнына келдім. Соңғы жылдары Астанада тұрды, - деп түсіндірді Сағымбеков.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также